БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда ғарыш айлағы алаңынан мыс өнімдерін ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицияға Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің ұрланғандығы жөнінде арыз түсті. Полицейлер дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Аталған ұрлықты жасауға күдікті ретінде Байқоңыр қаласының екі тұрғынын ұстады.
«Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қызылордада алтын ұрлаған әйел қолға түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.