Салтанатты митингтің қатысушылары арасында аты аңызға айналған ресей ғарышкерлері, ҒДО өкілдері Юрий Маленченко мен Павел Виноградов болды.
Ғарышкерлер күнгі құттықтау Байқоңыр жастарының шығармашылығынан бастау алды. Гагарин ескерткіші маңында балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы дайындаған «Сенің есіміңмен өмір сүреміз» атты әдеби-музыкалық композиция орындалды. Сосын Халықаралық ғарыш мектебінің тәрбиеленушілері ғарышты алғаш еңсергендер құрметіне аспанға жеке құрастырылған зымыран үлгісін ұшырды.
Алғашқы адамды ғарышқа ұшыру күнінде кеңестік басқарылатын ғарышкерліктің негізін қалаған Сергей Королевке құрмет көрсетеді.
Қала әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко қала газеті арқылы барлық байқоңырлықтарды құттықтады. Ресей ғарыш саласы мамандарының ғарыш айлағындағы сенімді жұмысы, Байқоңыр тұрғындарына қалаға шын берілгендіктері үшін алғыс білдірді.