Роскосмостың баспасөз қызметінен хабарлағандай, әзірлік кестесіне сәйкес, ғарыштық мақсаттағы зымыран (ҒМЗ) 92А-50 алаңының монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, №81 ұшыру кешеніне орнатылды.
Биылғы 2 шілде күні ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» ресейлік үш навигациялық ғарыш аппаратынан құралған блогы бар «Протон-М» зымыран-тасығышы іске қосылады деп жоспарланған.
Бүгінде ГЛОНАСС ресейлік орбиталық тобында 29 жер серігі бар, олардың 24-і тиісті мақсатта пайдаланылуда, 4-еуі орбиталық резервте және біреуі ұшырылым сынағы кезеңінде.