Байқоңырда инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асады

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Байқоңыр қаласын дамыту мақсатында жол картасы әзірленді. Аталған жобалар қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дамытуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарының тұрғын үйлерін жекешелендіру, инфрақұрылымын қайта жаңартуға, жаңа тұрғын үй салуға бағытталған жобалар мен бағдарламалар жүзеге асыруға мән берілген.

«Аталған жобалар бойынша су бұру жүйелері қайта жаңартылды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, Байқоңырда жұмыс істейтін білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың санын көбеюде. Сонымен қатар, қаланың ойын-сауық және туристік әлеуетін арттыру үшін әлемдік стандарттағы қонақ үй кешенін ашу үшін қазақстандық инвесторлар тартудамыз. Ол жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді»,-деді ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов.