Ресейғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі таңда ең маңызды жұмыстардың бірі - «Протон-М» зымырантасымалдағышының бас жағын құрастыру жұмыстары аяқталып келеді.
Қазғарыштың баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазақстандық «KazSat-2» серігі мен американдық OS-2 аппаратын алып ұшатын «Протон-М» зымырантасымалдағышының сапары 16 шілдеге, Астана уақыты бойынша сағат 05.16-ға белгіленіп отыр.