БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат -Байқоңыр қаласы маңынан туристік ойын-сауық орталығы құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков айтты.
«Туристік ойын-сауық орталығының жалпы аумағы 50 гектарға жетпек. Онда ғарыш аттракциондары болады деп жоспарланып отыр. Зымыран ұшырылған кезде қарап тұрған адамға олардың дыбысы естілетін болады. Әрине, әзірге бұл жоба күйінде тұр. Десе де оны тиісты орындар назарына ұсынып үлгердік. Қазір осы мақсатта инвестор іздеуге мән берілді», - деді Дінмұхамед Болатбеков.
Басқарма басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, орталық туризмін дамуына өз үлесін тигізбек.
Айта кетейік, жақында Қызылордадан Ресей астанасы - Мәскеу қаласына қатынайтын әуе рейсі ашылған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.