Байқоңырда Қазақстан Президентінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруда учаскелік сайлау комиссияларына қолдау көрсету жөніндегі жедел топтың ақпаратына сүйенсек, жергілікті уақыт сағат 12.00-дегі жағдай бойынша байқоңырлық қазақстандықтардың 44,5 пайызы дауыс беріп болған.
Жедел топ төрағасының орынбасары, Байқоңыр қаласының Өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің төрағасы Михаил Москалевтің айтуынша, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. «Бұл жедел топтың, учаскелік және сайлау комиссияларының, сондай-ақ Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесі», - деді ол.