Қала тұрғындары мен қонақтары тұңғыш ғарышкердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, Байқоңыр мұражайындағы арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Ғарышкердің атындағы №8 мектеп оқушылары қалалық саябақтағы Юрий Гагариннің ескерткішінің жанында салтанатты шеруге қатысты. Үздік оқушыларды «Жас гагариншілер» қоғамдық ұйымына қабылдады.
Ғарышкердің мерейтойы Байқоңырда наурыз-сәуір айларында тойланады. Қала мектептерінде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылуда. Юрий Гагариннің 80 жылдығына орай сынып сағаттары өткізіліп, Ғарышкерлер күнінде «Гагарин оқуларын» өткізу жоспарланған.