Байқоңырда жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі жиілей бастады
17:33, 27 Қаңтар 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Байқоңырда "Еңбекпен қамту орталығы" жұмыссыздар жәрмеңкесін жиі өткізуді дәстүрге айналдырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жәрмеңкелерде жергілікті кәсіпорындар тарапынан 800-ге жуық маманға сұраныстың 80 пайызын жұмысшыларға деген қажеттілік құрады. Ғарыш айлағы басшыларының мәлімдеуінше, әскери бөлімшелердің қысқаруына байланысты қызметтен босағандардың бірде-біреуі шетқақпай қалмайды. Олардың қатарында келісімшартпен қабылданған қазақстандықтар да бар.