Бағдарламаны жүйелі түрде жүзеге асыруда қала дамуын қаржыландырудың оң шешілуі де әсер еткенін айта кеткен жөн. Бүгінде халықты медициналық көмекпен қамту, Байқоңыр қаласы маңындағы 11,6 мың гектар жерді жалдан шығару мәселесі келісім үстінде. Сонымен қатар, кешендегі 14 нысанды облыстың коммуналдық ведомоствосына беру үшін өткізу-қабылдау актілері жасалуда. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстан Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі қызметін қамтамасыз ететін басқарма басшысы Бақытбек Бекпанов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
«Қазір 2014-2016 жылдар арасында «Байқоңыр» кешенін бірлесе пайдаланудың Жол картасын жүзеге асыру аяқталды. Қаладағы білім беру нысандары Қазақстанға қайтарылды. Осының шеңберінде 6 мектеп пен 1 балабақша білім берудің отандық стандартына көшірілді», - деді Б.Бекпанов.