деп хабарлайды «Ресейғарыш» агенттігінен.
Қазғарыштың жедел қызметтерінің ақпараты бойынша, ұшыру сапары штаттық режимде өтті, зымыранның ажырайтын бөлшектері Қазақстанның Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Ресейдің Алтай өлкесінің белгіленген аудандарына құлады.
Жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен ақпанның 5-і күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 07.26 минутта түйіседі. «Прогресс М-04М» стансыға 1 600 келіден астам түрлі жүк жеткізеді.