Байқоңырдан бортында әскери жерсерігі бар «Протон-М» ұшырылды
08:23, 12 Қараша 2013
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан РФ Қорғаныс министрлігінің мүддесін көздеген "Протон-М" зымырантасығышы ғарыш аппаратымен бірге ұшырылды,
деп хабарлады "Новости".
Әскери-ғарыш қорғаныс әскерлерінің ресми өкілі (ШҚО) полковник Дмитрий Зениннің айтуынша, зымырантасығышты ұшыру және ғарыш аппаратын шығару штаттық режімде өтті.