ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зымыран ұшырудың келісілген жоспарына сәйкес, 12 қыркүйек күні Байқоңыр ғарыш айлағынан испандық «Амазонас-5» («Amazonas-5») байланыс серігін алып «Протон-М» тасымалдаушы зымыраны (ТЗ) ұшырылады.
13 қыркүйек күні түнде Байқоңырдан кезекті ұзақ мерзімді экспедицияға шығатын «Союз МС-06» басқарылатын көліктік ғарыш кемесіне (БКҒК) старт беріледі.
2017 жылғы 28 қыркүйекте Байқоңырдан тағы бір «Протон-М» кемесіне старт берілуі тиіс, ол орбитаға Қытайдың «АзиаСат-9» байланыс жасанды серігін алып шығады.