«Байқоңырдан» ғарыш аппараттарының тобы ұшырылды

АСТАНА. Шілденің 30-ы.  ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан  ғарыш  аппараттарының  тобы  ұшырылды,

деп  хабарлайды  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгін,  шілденің 30-ы  күні  Астана  уақыты  бойынша   сағат 00.46-да   айлақтан «РС-20»  зымырантасымалдағышымен «ДубайСат-1», «Деймос-1», «ЮК ДМС-2», «НаноСат-1В», «АпрайзСат-3», «АпрайзСат-4» ғарыш аппараттары    ұшырылды.

Зымыранның  ұшу  сапары  штаттық режімде өтті.     Ұшырумен  байланысты орын  алуы ықтимал     салдарларды  жою үшін    Қызылорда  облысының   төтенше жағдайлар жөніндегі  департаментінің   арнайы  қызметтері   жоғары дайындық  режімінде  жұмыс  істеді.