Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылды

Фото: None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін, 31 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 18 сағат 10 минут 46 секундта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-12» көліктік жүк кемесі бар «Союз 2.1» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зымыранды ұшыру штаттық режімде өтті. Ұшырылубарысы тікелей эфирден көрсетіліп, комментаторлар «Прогресс МС-12» кемесініңорбитаға аттану сәтінен репортаж жүргізді.

Белгіленген уақытта зымыран тасығышыныңбірінші және екінші сатылары ажырады. Старттан кейінгі оныншы минутта ғарыштықжүк кемесі зымыран тасығышының үшінші сатысынан бөлінді. «Прогресс МС-12»орбитаға шығарылды.


«Прогресс МС-12» кемесі ұшу сәтінен 3 сағатөткен соң ХҒС-пен түйісуі керек. Роскосмостың телестудиясы «Прогресс МС-12»ғарыштық жүк кемесінің стансаға түйісу сәтін тікелей эфирден көрсетудіжоспарлайды.

Кеме Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) 1,2тонна құрғақ жүк, бір тоннадан астам жанармай, «Родник» жүйесі бактарында 420келі су, баллондарда 50 келі сығымдалған газ жеткізуі керек. Жүк қоятынбөлікте ғылыми құрал-жабдықтар, тамақсалынған контейнерлер, киім-кешек, дәрі-дәрмек пен экипаж мүшелеріне арналғанжеке гигиена заттары салынған.

Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар