Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) «Союз МС-08» ғарыш кемесінің экипажы аттанды. Экипаж құрамында кеме командирі, Роскосмос ғарышкері Олег Артемьев, ТҰК бортинженерлері, NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен Ричард Арнольд бар.
Кеменің Байқоңырдан ұшу сәтін Ресейдің «Россия-24» телеарнасы тікелей эфир арқылы таратты, сонымен қатар Роскосмостың сайтында және әлеуметтік желілерде көрсетілді.
Байқоңыр ғарыш стансасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшырылым штаттық режімде өтті. Зымыран тасығыштың, «Союз МС-08» кемесінің үшінші сатыдан бөлінуі жоспарланған мерзімде өтті.
Ғарыш кемесі Жердің жасанды спутнигінің орбитасына шығарылды.
«Союз МС-08» кемесінің ХҒС-мен түйісуі екі тәуліктен кейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр.