«Байқоңырдан» «Протон-М» зымырантасымалдағышы бар «КА-САТ» ғарыш аппараты ұшырылды

АНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 желтоқсан күні Астана уақытымен 03 сағат 51 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасымалдағышы бар «КА-САТ» ғарыш аппараты ұшырылды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, зымыранның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті.

Ұшырумен болуы ықтимал салдарды жою үшін 27 желтоқсан күні 01 сағат 51 минуттан таңертеңгі сағат 04.51-ге дейін ҚР ТЖМ-ның Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің құрамдары мен апаттық-құтқару күштері жоғары дайындық жағдайында болды.