Бастапқыда 2016 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылым бағдарламасын ашатын «Протон» зымыранын ұшыру 28 қаңтарға жоспарланған болатын.
«Новости космонавтики» сайты хабарлағандай, Ұшырылымды ауыстыру себебін айтқан Хруничев атындағы ғарыш орталығының мамандары «Протонның» екінші және үшінші сатысының зымыран қозғалтқышын ауыстыру үшін ұшырылым күнін ауыстыруды ұсынды. «Оларды Мәскеуден Байқоңырға жеткізген кезде бұзушылықтар орын алды», сондықтан да сақтандыру мақсатында оларды ауыстыру қажет болды. Жаңа қозғалтқыштар ғарыш айлағына жеткізілді», - деп хабарлады ғарыш айлағы дереккөзі сайтынан.