Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.
25 маусым күні астана уақыты бойынша 23 сағат 28 минутта Байқоңырдан № 013 «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы бар «Ресурс-П» ғарыш аппараты ұшырылды. Зымыранның ұшырылымы штаттық бағдарламаға сай өтті.
Ұшырылымға байланысты болуы мүмкін салдарды жою үшін 25 маусым сағат 21:28-ден 26 маусым күнгі сағат 00.28-ге дейін ҚР ТЖМ Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша Төтенше жағдайлар департаменттерінің апаттық-құтқару күштері мен құрылғылары жоғары әзірлік күйінде болды.