Байқоңырдан робот басқаратын «Союз МС» кемесі ұшырылады

Фото: None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін «Союз МС-14» ғарыш кемесі орнатылған «Союз-2.1а» зымыран тасығышы монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, Байқоңыр ғарыш айлағының № 31 алаңындағы старт кешеніне орнатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Роскосмос» баспасөз қызметінің мәліметінше,мамандар ұшу алдындағы технологиялық операцияларға кірісті.

«Союз МС» басқарылатын ғарыш кемесі пилотсызұшатын алғашқы кеме болмақ. Ғарышкердің орнына Skybot F-850 атты адамкейпіндегі робот отырғызылған. Ол «Андроидная техника» компаниясыныңПерспективалы зерттеулер қорымен бірлесіп шығарған өнімі.

Жоспар бойынша, «Союз МС-14» ғарыш кемесі бар «Союз-2.1а»зымыран тасығышы 22 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 09:38-де ұшырылуытиіс.

«Союз МС-14» Халықаралық ғарыш станциясынағарышкерлердің керек-жарағын, ғылыми зерттеулерге қажетті қондырғыны,медициналық құралдар, азық-түлік, экипажға жіберілген заттарды және тағыбасқаларын жеткізеді.


Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар