Роскосмос сайтында Байқоңыр ғарыш айлағының 31 алаңындағы ұшыру дайындықтарын тікелей эфирден көрсетіп жатыр. Зымыранды әуеге жібері Астана уақытымен 14 сағат 46 минутқа белгіленген.
Ғарыш айлағының мамандары хабарлағандай, ескі, екі күндік бағдарлама бойынша ХҒС-ға жүк кемесін ұшыру туралы шешім қабылданды. 12 қазанда ұшырылмай қалған зымыранды алғаш рет қысқа, үш сағаттық жүйе бойынша жүргізу жоспарланған еді.