Байқоңырдан «Союз МС-02» басқарылатын кеме ұшырылды
Халықаралық ғарыш стансасына құрамында ұзақ уақытқа бағытталған экспедиция мүшелері: кеме командирі, ресейлік ғарышкер Сергей Рыжиков, №1 бортинженер, "Роскосмос" ғарышкері Андрей Борисенко, №3 бортинженер, америкалық астронавт Шейн Кимброу бар 49/50 экипажы аттанды.
Ғарыш айлағының техникалық қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым штаттық режімде өтті. 529 секундта «Союз МС-02» кемесі бөлініп, кеме жер төңірегіндегі орбитаға шығарылды.
«Союз-ФГ» зымыран тасығыштың бөлінген бөлімдерінің барлық үш сатысы тағайындалған аудандар Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ Ресейдің Алтай өлкесіне құлады.
Ұшырылымның циклограммасына сәйкес «Союз МС-0» кемесінің ХҒС-пен түйісуі екі тәуліктік жүйемен жоспарланған және ол 21 қазанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 13-те жүзеге асады.