Байқоңырдан тағы бір экипаж орбитаға ұшырылды

Фото: None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22-ден 28 минут 21 секунд кеткенде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-13» кемесі жер орбитасына шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Роскосмостың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кемені халықаралық экипаж басқарады. Оның құрамында ресейлікғарышкер Александр Скворцов, ЕКА астронавы, италиялық Лука Пармитано және НАСАастронавы Эндрю Морган бар. Кеменің ғарышқа көтерілген сәті тікелей эфирдекөрсетілді. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытындабөлініп, ұшу бастаған сәттен 10 минутөткенде орбитаға шықты.

«Союз МС-13» кемесін станциямен жақындастырып, «Звезда»қызметтік модуліне қондыру процесі автоматты режимде іске асырылады. Бұл жұмысұшу бастаған сәттен алы сағат өткенде, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21 шілде күнісағат 04:50-ге жоспарланған», - делінген «Роскосмостың» баспасөз ақпаратында.

Экипажқұрамындағы Александр Скворцов үшінші рет ғарышқа аттанса, Лука Пармитано –үшінбұл сапар екінші экспедиция болмақ. Тек Эндрю Морганғана тұңғыш ретБайқоңыр айлағынан әуеге көтеріліп отыр. Оларға ғарыш кеңістігінде көптегенғылыми эксперименттер орындап, түрлі елдерден келген жүк кемелерімен жұмысістеу қажет. ХҒС борттық жүйелеріне қызмет көрсету, ғарыштан фото мен видеотүсіру міндеті де жүктелген. Оларды халықаралық ғарыш станциясының бортындаАлексей Овчинин, Ник Хейг және Кристина Кук қарсы алатын болады.

Соңғы жаңалықтар