Роскосмос баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес осы жылғы 14 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланған. Ол «Канопус-В-ИК» Жерді қашықтан зондтаудың ресейлік ғарыш аппаратын және 72 шағын серігін орбитаға шығарады.
«Фрегат» жүрдек блогы «Канопус-В-ИК» ҒА және бағыттас шағын серіктерді кейіннен жүрдек блок орбитасынан түйісумен үш түрлі орбитаға шығаруды қамтамасыз етеді. Мұндай күрделі миссия шағын ғарыш аппараттарын іске қосу тарихында алғаш рет жүзеге асырылуда.