Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлады.
«Союз МС-10» кемесінің бортында Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг бар.
Ресей ғарыш саласы өкілдерінің айтуынша, экипаж аман, апаттық түрде шамамен Қазақстан аумағына қонады.
Қазғарыш қызметкерлерінің «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне мәлімдеуінше, Байқоңырда апаттық жағдай жөніндегі комиссияның отырысы өтіп жатыр. Оның қорытындылары кейінірек белгі болады.
Cәл кейінірек зымыран апатының видеосы жарияланды.
Авторы: Сара Қабиқызы