Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигімен байланыс жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -26 желтоқсан күні Байқоңырдан ұшырылған Анголаның «Ангосат» спутнигімен байланыс әзірге жолға қойылмай жатыр.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

«Ангосат» спутнигімен әзірге байланыс орнаған жоқ, жағдайдың себептерін анықтап жатырмыз»,-деді агенттікке сұхбат берген адам.

ТАСС таратқан ақпарат  әлі ресми нақтыланған жоқ, себебі сұхбат берген маман жағдайдың толығымен түсіндіріп бермеген.

Естеріңізге сала кетейік,  26 желтоқсан күні сағат 22:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен «Ангосат» ғарыштық аппараты штаттық режімде ұшырылды. 27 желтоқсан күні 06:54-те аппарат жеделдету блогынан ажырады.