Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі алты сағаттан соң Халықаралық ғарыш стансасымен тоғысты

БАЙҚОҢЫР. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз ТМА-08М» басқарылатын көлік кемесі (БКК) алты сағат өткеннен кейін Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) келіп тоғысты.

Роскосмос баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәскеу уақыты бойынша сағат 06.28-де «Союз ТМА-08М» БКК ХҒС-пен тоғысуы ойдағыдай өтті.

Құрамында Роскосмостың командир-ғарышкері Павел Виноградов, бортинженерлер Александр Мисуркин (Роскосмос) мен Кристофер Кэссиди (НАСА) бар Халықаралық ғарыш стансасының «Союз ТМА-08М» БКК экипажын ХҒС командирі Крис Хадфилд (Канадалық ғарыш агенттігі), бортинженерлер Роман Романенко (Роскосмос) және Томас Машбёрн (НАСА) күтіп алды.