Еске сала кетейік, Ресейғарыш ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Андрей Борисенко, NASA астронавты Роберт Шейн Кимброудан құралған негізгі экипаж, сонымен қатар олардың дублерлері - ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин, Николай Тихонов пен NASA астронавты Марк Ванде Хай 8 қыркүйектен ғарыш айлағында ұшыру алдындағы дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр.
Сенбі күні, 17 қыркүйекте Ресейғарыш техникалық себептерге байланысты «Союз МС-0» кемесін ұшырту мерзімін шегеретінін жариялады.
Ресей ғарыш саласындағы ақпарат көзі хабарлағандай, Байқоңырдағы монтажды-сынау кешеніндегі тексеру жұмыстары кезінде «Союз МС-02» кемесінде тұйықталу байқалды. Олқылықты жою үшін ең кемі бір-екі апта керек, сондықтан ғарышкерлерді Мәскеуге қайтару шешімі қабылданды.