Байқоңырға туристік сапарлар ұйымдастыратын туроператорлар айқындалды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңырдың туристік тартымдылығын арттыру үшін қаладағы қонақ үй қорын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен хабарлады.

«Іске асыру мерзімі 2018-2035 жылдар болатын Байқоңыр қаласы дамуының ұзақ мерзімді бағдарламасында «Байқоңыр» кешенінің туристік потенциалын дамыту бойынша іс-шаралар ескерілген. Соның ішінде бұқаралық туризмді қамтамасыз ету үшін қонақ үй қорын кеңейту, автокөлік паркін кеңейту бойынша шараларды іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында мәдени әрі ойын-сауық инфрақұрылымын және «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын (зымыран ұшыруларын бақылау үшін қарау алаңдарын салу) дамыту, «Байқоңыр» ғарыш айлағы нысандары және жақын орналасқан аудандар («Қорқыт-ата» мемориалдық кешені, «Қамбаш» көлі және т.б.) бойынша тиісті турлар әзірлеу  көзделген», - дейді министрлік өкілдері.

Мұнымен қоса, келетін шетел туристерінің санын көбейту үшін виза, рұқсат беру рәсімдерін барынша жеңілдету бойынша іс-шаралар жоспарланған.

«Бүгінгі күні «Байқоңыр» ғарыш кешеніне туристік сапарлар ұйымдастыруға мүмкіндік алатын туроператорлардың тізімі қалыптастырылған. Соның ішінде қазақстандық туроператорлар де бар», - делінген ведомство мәліметінде. 

Соңғы жаңалықтар