«Кедендік тексеру мен контейнерлерді түсіруден кейін, аталған жүк монтажды-сынақтау кешеніне жеткізіліп, сол жерде пайдалы құрастыру жұмыстары жасалатын болады», - делінген хабарламада.
Дайындау фирмасының мамандары, бүгін жеткізілген аппаратты қажетті тексерулерден өткізіп, түрлі жолдармен сынап көретін болады.
ViaSat-1 ғарыш аппараты орбитаға «Протон» жүк тасығыш зымыранының көмегімен жеткізіліп, Солтүстік Америкада Ka-диапазоны бойынша тұтынушыларға жылдам әрі кең ауқымда байланыспен қамтамасыз етуі қажет.