Байқоңырлық сайлаушылардың 98,83 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қалалық әкімшілігінің сайлау комиссиясына қолдау көрсету бойынша жедел тобының басшысы Михаил Москалевтің ақпаратынша, ғарыш кешенінде тұратын және жұмыс істейтіндер қазақстандықтардың 98,83% Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді.

ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықовқа Байқоңыр сайлаушыларының 0,58%-ы, тағы бір кандидат Әбілғазы Құсайыновқа 0,25%-ы дауыс берді. «Маңызды сайлау науқанын өткізу үшін сайлау комиссиясына көмектесу үшін қаланың ресейлік әкімшілігі құрған жедел тобымыздың міндеті сәтті орындалды», - деді М.Москалев. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы «Байқоңыр» ғарыш айлағы кешенінің аумағында жоғары ұйымдастырушылықпен өтті. Бұрын хабарлағандай, «Байқоңыр» кешенінде тұратын қазақстандықтар президенттік сайлауға белсенді қатысты. Мұндағы сайлаушылардың сайлауға келу көрсеткіші 95,2 пайызды құрады. «Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бердік. Өйткені мемлекетаралық мүдделердің нысаны болып табылатын Байқоңырда тұрғандықтан, Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан халықаралық ынтымақтастықты, еліміздің тұрақтылық саясатын ерекше бағалаймыз», - деп санайды байқоңырлықтар.