Байқоңырлықтардың Мемлекет басшысына жолдаған сұрақтарының ішінде мынадай проблемалар көтерілген: жабық режимді қалада өмір сүріп отырған қазақстандықтар тұрғын үйлерін жекешелендіре ала ма, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Қазақстан азаматтарының еңбекке орналасу мәселелері және басқа да әлеуметтік кепілдіктер шешіле ме? Сонымен қатар, «Байқоңыр» ғарыш кешенінде ҚР Президентінің арнайы өкілі институты жұмысының тиімділігі туралы да әңгіме болды.
Отандастарымызды ғарыштық қызметке байланысты экология проблемалары да толғандырады.
«ҚР Президентімен «тікелей желіге» ғарыштық қызмет бойынша түскен сұрақтардың бірде-бірі назардан тыс қалмайды, олардың әрқайсысына біздердің мамандарымыз жауап қайтаратын болады», - деді Қазғарыштағылар.