деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Байқоңырдағы 6 мыңнан астам бала оқитын 6 қазақ мектебінде әлі күнге сабақтар Ресей мемлекетінің бағдарламасы бойынша жүргізіліп келеді. Бұл мәселе осы уақытқа дейін бірнеше мәрте көтерілді, бірақ қабылданған шара, түзелген еш нәтиже жоқ. Мәселен, осы мектептердегі бастауыш мектептің 2-ші сыныбына арналған «Бізді қоршаған әлем» деп аталатын оқулықты алып қараңыз. Кітаптың беташарында орыс тіліндегі түпнұсқа РФ Білім және ғылым министрлігі, қазақ тіліндегі аудармасын ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынғандығы жазылған. Осы кітап бойынша, Байқоңырдағы қазақ мектептерінде оқып жатқан қазақ балалары Ресейдің елтаңбасымен, жалауымен, әнұранымен танысады, көрші елдің географиясын зерттейді. Қазақстан туралы, өзінің елі мен жері, Отаны туралы бірде бір ауыз сөз жоқ. Басқа оқулықтар да тура солай. Осылайша, біз Байқоңырмен бірге Ата заңымызбен қорғалатын өз ана тілімізде білім алу құқығын да Ресейге жалға беріп жібергендейміз», дейді депутат.
Оның айтуынша, бұндай сорақылыққа жол беріп отырған ҚР Білім және ғылым министрлігі қателікті түзеуге еш асығатын емес. Сонымен бірге, жағдайдың бұлай қалыптасқанына Ресей тарапының еш қатысы жоқ екендігін айтқан Ж. Сүлейменов, айлақты пайдаланудың негізгі қағидаттары туралы келісімде бұл жайттың мүлдем қарастырылмағанын атап өтті. «Байқоңырдағы мектепте білім алатын да, оларға сабақ беретін де қазақтар. Сонда неге өзіміздің оқушыларды мемлекеттік білім бағдарламасына сәйкес әзірлеген оқулықтармен қамтамасыз ете алмай келеміз», деді Ж. Сүлейменов.