«Таңертең желіде 15-20 минут арасында аздаған іркіліс болды. Kcell-дің техникалық мамандары проблеманы түзетті. Қазіргі уақытта ұялы байланыста ешқандай қиындық жоқ», - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметінен.
Кеше Kcell компаниясы Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріндегі бірқатар қалада деректерді беру қызметінің нашар істеп тұрғанын растаған болатын.
Желі қалпына келтірілгеннен кейін Kcell/Аctiv операторы техникалық проблемаға қатысты интернетсіз қалған абонеттерге 10 ГБ бонус берді.