Байланыс операторы «Майдандас досқа қоңырау шалу» шарасын өткізеді

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС дәстүрлі «Майдандас досқа қоңырау шалу» шарасын өткізетіні туралы мәлімдеме таратты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда ардагерлерге әлемнің кез-келген нүктесіне қоңырау шалып, майдандастарымен, жолдастарымен немесе туыстарымен хабарласу мүмкіндігі беріледі. «Биылғы жылы бұл шара тек ірі қалалармен және мамырдың 9-ымен ғана шектелмеген. Beeline қызметкерлері мамырдың басынан бері аудан орталықтарына, алыстағы ауылдарға әрбір ардагердің майдандас жолдасымен хабарласа алуы үшін жолға шығады», дейді байланыс операторының қоғаммен байланыс қызметінің төрағасы Павел Родин. Оның айтуынша, Алматыда шара мамырдың 9-ы күні 10:00-ден 12:00-ге дейін 28 панфиловшылар бағында, Орталық әмбебап дүкені аумағында, «Атакент» іскерлік көрме орталығында және 9:00-ден 18:00-ге дейін Төле би мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан Beeline-ның Ашық сату және қызмет көрсету кеңсесінде өтеді.