Байланыс операторы отансүйгіштікті нығайтуға бағытталған акция өткізіп жатыр

None
АЛМАТЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Beeline Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл толуына орай «Жасасын Жеңіс!» деп аталатын акция өткізіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыздың 25-і күні басталған бұл шара мамырдың 15-іне дейін созылмақ. Акция халықаралық болып табылады, оған Beeline желісімен қамтылған Ресей, Украина, Армения және Тәжікстан елдері де қатысады.

«Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін үлкен сынақ болды. Қазақстан халқы да ортақ жеңіске қомақты үлес қосқан. Аталмыш акция Жеңістің 65-жылдығына халықты, бірінші кезекте жастарды кеңінен тартады деген сенімдеміз. Біз ардагерлердің бейбітшілікті қандай бағамен қорғап қалғанын ұмытпауға тиістіміз», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің аймақтық даму жөніндегі дирекциясының директоры Евгений Пепеляев. Оның айтуынша, акция кезінде мобильді телефон үшін тематикалық контентті (рингтондар, зуылдақ орнына әуен, графика) тегін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ «1945» қысқа нөміріне «Pobeda» SMS-хабарламасын жолдап, Жеңіс күні тақырыбындағы құттықтаулар мен өлеңдерді алуға болады. Оған қосылу «1945» ортақ тегін нөмірі арқылы іске асырылады.