Байланыс операторы үйдегі қолданушылар үшін интернет жылдамдығын екі есе арттырды

АЛМАТЫ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "ҚаР-Тел" ЖШС-і «Үйдегі интернет» қызметін қолданушылардың интернет жылдамдығын екі есеге арттырып, жаңа тарифтік жоспарлар енгізгені туралы баспасөз мәлімдемесін таратты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз өз абоненттерімізге FTTP технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернет нарығында ең тиімді ұсыныстар бере алатындығымызға қуаныштымыз. Ендігі жерде әлемдік желіге қосылу қазіргі таңдағы бар «Жылдамдықты» тарифтік жоспарындағы «үйдегі интернет» жылдамдығы екі есеге ұзарып 20 Мбит/с жетеді. Қазіргі кезде Алматыда интернетке мұндай жоғары жылдамдықты тиімді бағамен тек қана Beeline ұсынып отыр», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісі Павел Родин. Оның айтуынша, олар «Лимитсіз 3900» және «Лимитсіз 4600» тарифтік жоспарларын іске қосқан. Олардың жылдамдығы 2 және Мбит/с. Қазіргі таңда «Үйдегі интернет» қызметі: Гоголь-Желтоқсан-Қарасай батыр-Қожамқұлов; Саин-Жандосов-Навои-Рысқұлбеков; Момышұлы-Райымбек-Саин -Жұбанов; Момышұлы-Ұлықбек-Саин-Жұбанов; Момышұлы-Ұлықбек-Саин-Абай, Шаляпин-Саин-Абай-Момышұлы, Төле би - Саин - Жандосов - Алтынсарин көшелері аумағындағы және Орбита 1, 2, 3, 4 мөлтек аудандарының тұрғындарына қол жетімді.Жалпы «Үйдегі интернет» қызметіне қосылу үшін ақы талап етілмейді және модемді қондыру қажет емес. Талшықты-оптикалық желіге қосылу үшін Fast Ethernet LAN adapter желілік платасы бар компьютер болса жеткілікті. Тарифтер стандартты қосылу жиынтығымен бірге: пәтерге сымды тарту ақысы, Интернетпен арнайы бөлінген арнамен жұмыс істеу үшін Windows операциялық жүйесін күйге келтіруді қамтиды.