Байланыс және ақпарат министрлігі Қазнеттен «Центр тяжести» интернет-ресурсының жоғалуына жол бермеу керек деп санайды

АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат министрлігі Қазнеттен «Центр тяжести» интернет-ресурсының жоғалуына жол бермеу керек деп санайды.

Министрлік танымал «Центр тяжести» интернет-ресурсының төңірегінде қалыптасқан жағдайға алаңдап отыр, делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталмыш ресурстың иелерінің арасындағы келіспеушілік форумның өзінде, онлайдық және офлайндық бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық резонансқа ие болып отыр. Бірақ та, министрліктің пікірінше, «бұл келіспеушіліктер ресурс иелерінің арасында бірінші кезекте келісімшарт қатынастарына сәйкес және ресурсқа қатысты ұлттық заңнаманың аясында шешілуі керек».

Байланыс және ақпарат министрлігі, «Центр тяжести» форумының - Қазнеттің дамуына оң әсерін тигізген, Интернеттің қазақстандық сегментіндегі пионерлердің бірі екенін атап көрсетуде.

Министр Асқар Жұмағалиевтің пікірінше, сот ісінің барысында тараптар ресурстың танымалдығына, оның интерактивті мүмкіндіктері мен тұтынушылардың тарапынан сұранысқа ие екендігіне назар аударулары керек.

Ал «ct.kz» доменінің жабылуына қатысты министрлік, оның Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының сәуірдің 8-індегі анықтамасына сәйкес жабылғанын атап көрсетуде. Істің барысы соттың шешіміне байланысты болмақ.

Министр А.Жұмағалиев өз кезегінде, Қазнеттен «Центр тяжести» интернет-ресурсының жоғалуына жол бермеу керек деп санайды.