Байланыс және ақпарат министрлігі сандық телеарналар арқылы хабар тарату бағытында ұлттық спутниктік жүйені іске қосты

АНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Байланыс және ақпарат министрлігі сандық телеарналар арқылы хабар тарату бағытында ұлттық спутниктік жүйені іске қосты»,- деді бүгін Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Астанада өтіп жатқан Бас редакторлар клубы форумында

А.Жұмағалиевтың сөзіне қарағанда, министрлік сандық телеарналар арқылы хабар таратуды қамтамасыз ету бағытында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындаған. Арнайы конкурс өткізіп, Қазақстан азаматтарына арналған және тегін көрсетілетін арналардың тізімі жасалған. «Санды эфирлік хабар тарату мақсатында біз сандық хабар таратудың жерден таратылатын эфирлік желісінің жиілік-аймақтық жоспарын жасадық. Сондай-ақ DVB-Т және DVB-Т2 сандық, эфирлік хабар тарату стандарттарын тестілеу шаралары аяқталды. Бұған қоса телехабар таратудың бірыңғай ұлттық операторын құру мәселесі қолға алынды. Оның ілкі жобасы биылғы жылы Қарағандыда іске қосылады. Кейінірек бұл шара еліміздің өзге аймақтарында жүргізіледі»,-деді министр.