деп хабарлайды ҚазАқпарат France-Presse сайтына сілтеме жасап.
Лоттың алдын ала бағасы 150 мың фунттан 180 мың фунтқа дейінгі аралықты құраған. Sotheby's өкілі айтқанындай, аукцион үйі мұндай сәтті мәмілеге қатты риза болған көрінеді. Сонымен қатар, баға лорд Байронның әдебиет үшін қаншалықты қымбат және жұртшылыққа сүйікті ақын болып қала беретінін көрсетеді.
Жиынтық ақынның хаттарынан құралған 71 беттік қолжазбадан тұрады. Оларда ол махаббат, поэзия, дін, саяхат және төңкеріс туралы жазады. Sotheby's сарапшыларының айтуынша, Байрон бұл хаттарында мүлдем басқа қырынан танылған.