«Goknur Gida» Түркиядағы жемістерді өсіру және органикалық шырындарды, концентраттар мен пюрелерді өңдеу бойынша ең ірі компания болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында тараптар жобаны іске асыру мәселелерін және өзара тиімді ынтымақтастықтың болашақ әлеуетін талқылады. АӨК саласында компания 5 жыл мерзімге ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
«Қазақстанның аграрлық секторын дамыту тұтастай алғанда мемлекетіміздің де, сонымен қатар ішінара «Бәйтерек» холдингінің де басымдықтарының қатарына кіреді. Өз тарапымыздан біз келіссөздердің одан әрі барысын анықтау үшін ынтымақтастық перспективаларын қарастыруға дайынбыз», - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.