«Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында үшінші бесжылдық жобаларын іске асыруға 2021 жылы инвестициялар мен экспортты қолдауға 130 млрд теңге көзделген. Қазақстанның даму банкін қаржыландырудың жалпы көлемі 2021 жылы 342 млрд теңгені құрайды», - деді ол бүгін Үкімет отырысында.
Оның атап өтуінше, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын іске асыру жалғастырылады. Атап айтқанда, биылғы жылы ставканы субсидиялау құралы есебінен 53 млрд теңге көлемінде несие сомасына 850 жобаға қолдау көрсетіледі. Өңдеу секторындағы 68 млрд теңге несие сомасына 955 жоба кепілдікпен қамтылады. Кепілдік сомасы 27 млрд теңгені құрайды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидия есебінен 254 млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібінің 335 жобасы қаржыландырылады,. Субсидия сомасы 7,6 млрд теңгені құрайды», - деді Айдар Әріпханов.