«Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 2021 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 29,8 пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге бағыттайды», - делінген Үкімет басшысы қол қойған құжатта .
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қоса кетсек, бұл уақытқа дейін «Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдардың санын қысқартқанын хабарлаған болатынбыз.