«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесін К.Мәсімов басқарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов тағайындалды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметінен.

«ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуір күнгі №329 қаулысымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді, оған сәйкес, директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын кеңесті Серік Ахметов басқарған болатын.