«Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржының 23 пайызы игерілді. 23 пайызының ғана игерілу себебі біз аванс төлемейміз. Яғни, конкурсты компания жеңіп алса, онда ол толығымен құрылыс жұмыстарын бітіруі қажет. Содан кейін ғана біз төлем жасаймыз»,- деді ол.
Оның атап өтуінше, холдинг үйлер дайын болғанымен қажетті құжаттары толық болмаса да қаржы аудармайды.
«Бүгінгі таңда біз 63,3 млрд. теңгенің келісімшартына қол қойдық. Сондықтан да бүгінгі таңда 92 млрд. теңгенің 63,3 млрд. теңгесі толығымен игерілді деп айтуға болады. Бұл шамамен 70 пайызды құрайды. Бірақ, біз қаржы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, дайын пәтерлер пайдалануға берілгеннен кейін ғана аударамыз»,- деді холдинг басшысы. Осы ретті Қ.Бишімбаев жыл соңына дейін қалған қаржы толық игерілетіндігіне сенімді екендігін атап өтті.
«Біз қазіргі уақытта 2015 жылы 344 мың шаршы метрді пайдалануға беру келісімшартына қол қойдық. Ал біздің осы жылға жоспарымыз - 400 мың шаршы метр. Яғни, бізге 60 мың шаршы метр жетпейді. Бірақ байқау жүргізіліп жатыр. Біз 2015 жылдың соңына дейін қажетті шаршы метрді жинап үлгереміз. Егер мердігерлер тұрғын үйлерді уақытылы тапсыратын болса, онда біз толығымен төйлейміз. Демек, біз пәтерлер бойынша жоспарымызды толық орындайтын боламыз», - деді ол.