Байырғы энциклопедия енді кітап түрінде басылып шықпайтын болды

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Ағылшын тілінде шығатын ежелгі «Британника» энциклопедиясы бұдан былай кітап түрінде шығарылмайтын болды, деп хабарлады Би-Би-Си-дің Орыс қызметі.

Әлемдегі ең танымал энциклопедиялық басылымның баспагерлері енді қалған 4 мың жинақ кітап сатылып болғаннан кейін оның  электрондық түрде шығарылатынын мәлімдеді.

Оның алғашқы басылымдары үш том болып 1768-1771 жылдары шыққан болатын. Оның негізін шотландтық ағартушы Эндрю Белл мен кітап саудагері және баспашы Колин Макфаркар  қалаған.

Бүгінге дейін 15 басылым шықты. Бесінші басылымда 32 том, 120 мың мақала мен 44 млн-ға жуық сөз орналастырылған. Оның авторларының арасында әлемдік жетекші сарапшылар, ондаған Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Әр кезеңде оған Зигмунд Фрейд, Альберт Эйнштейн, Мария Кюри, Генри Форд, Лев Троцкий сияқты белгілі тұлғалар мақала жазған. «Британниканың» қазіргі нұсқасына 4 мыңға жуық авторлар мен редакторлар қатысуда.