Базалық мөлшерлеме әзірге төмендемейді – Ұлттық банк

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте айтты.

Фото: fingramota.kz

Оның сөзінше, Қазақстандағы инфляцияның баяулауына қарамастан, базалық мөлшерлемені әзірге қайта төмендету жоспарда.

– Инфляция бәсеңдегенімен, бұл біз күткендей деңгейде емес. Айлық инфляцияға қатысты әлі де алаңдататын жайттар бар. Сондай-ақ көрші елдердегі жанар-жағармай нарығындағы жағдай да тұрақсыз. Әрине, инфляция одан әрі төмендеп, базалық мөлшерлемені азайтуға мүмкіндік бергенін қалар едік, – деді Тимур Сүлейменов.

Еске салайық, 5 маусымда Ұлттық банк инфляцияның баяулауына байланысты базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендеткен болатын.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы доллар бағамына қатысты болжамын айтқан еді.