Базалық мөлшерлеме төмендеп, биржада доллар құны өзгере бастады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,96 теңгеге өсіп, 451,05 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 447,94 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 448,00 теңгеден сатып алынады, 455,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 502,93 теңге, сату - 513,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,40 теңге, сату - 5,60 теңге.

- юань: сатып алу - 67,37 теңге, сату - 70,92 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450,78 теңгеден сатып алынады, 452,97 теңгеден сатылады. Еуро 504,01 – 508,27 теңге, ал 5,38 – 5,21 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,79 теңгеден сатып алынады, 70,22 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 22 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге түсіп, 447,94 теңге болды.

Сондай-ақ Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға түсірді.