Базалық мөлшерлеме 15% деңгейінде сақталады - ҚР ҰБ
Халықтың шетел валютасын сатып алудан гөрі оны сату көлемінің асып кетуі тұрақты түрде сақталып отыр.
«Базалық мөлшерлеме 15%-ға дейін төмендегеннен кейін және 2016 жылғы 6 мамырда пайыздық дәліз тарылғаннан кейін ақша-кредит талаптарының аздап жұмсарғаны байқалады. Ақша нарығындағы мөлшерлемелер базалық мөлшерлеме дәлізінің төменгі шегінде. Валюталық депозиттерді теңгелік депозиттерге үнемі айналдыру есебінен, сондай-ақ фискалдық факторлардың есебінен болып жатқан өтімділіктің құрылымдық профицитінің ұлғаюы байқалады», делінген хабарламада.
Валюталық және ақша нарықтарының жай-күйіне, сондай-ақ инфляциялық күтулердің қалыптасуына әсер етуі мүмкін сыртқы және ішкі тәуекелдер сақталуда. Базалық мөлшерлеме төмендетілгеннен кейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құны іс жүзінде өскен жоқ және ақша нарығы мөлшерлемелерінен төмен деңгейде қалуда.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 17.00-де жарияланатын болады.