Оқиға сенбі күні таңертең орын алған. Өрт үш сағатқа жуық уақытқа созылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына кабельдің өртенуі себеп болған. Жалын жол бойында орналасқан қолшатырларға, содан соң базарда сатылып жатқан киім-кешекке тарап кетті.
Полицияның мәліметтерінше, өрт салдарынан негізінен киім сатушылар қаза тапқан. Оқиға салдарынан тағы 13 сатушы жарақаттанды.